Ол гомофобияның кесірінен біраз жас өмірмен қош айтысты деп отыр
ЛГБТ-ны насихаттау петициясын жария талқылауда қарағандылық Әмір Шайкежанов сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Менің сыртқы күшке қатысым жоқ. Қарағандының тумасымын. 37 жастамын. Барлығымыз балалардың қамы үшін жиналдық деп сенемін. 7-8 жасымда интернет түгілі, теледидар көп болған жоқ. Бірақ еш насихатсыз өзіме ер балалар ұнайтынын түсіндім. Ол уақытта гомосексуал деген түсінік жоқ. Еш ақпарат болмағандықтан, өзімдікін бұрыс, қате деп есептеп 17 жасқа дейін онашқты рет өзіме қол жұмсауға тырыстым. Бұл тек мен жайлы емес, 100-ге жуық ЛГБТ қазақтары жайлы әңгіме. Олардың көбі гомофобияның кесірінен өмірден кетуге тырысты. Олардың көбін ата-анасы үйден қуып шықты», - дейді ол.
Шайкежанов олардың арасында шынымен көз жұмғандар бар екенін айтты.
«Әр қазақ менің жалғызым» дейтін қазақ шынымен солай ойлай ма, бүгін шешіледі», - дейді ол.
Қарағандыдан келген бұл азамат балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлығын гетесексуал адамдар жасайтынын айтты.
Айта кетейік, петиция бойынша нақты шешім 6 тамызға дейін петиция авторына ұсынылады.