Түркістанда берешегі 153 миллионнан асқан борышкер әке анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол, сондай-ақ, жол қозғалысы ережесін көп рет бұзған

Фото: polisia.kz

Түркістан облысында берешегі 153 миллионнан асқан борышкер әке анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Белгілі болғандай, жүргізуші 153 миллион теңгенің 700 мыңын жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл ретінде арқалаған. Оның басым бөлігінде ақылы жол, жылдамдық арттыру, рұқсат етілмеген орынға көлік қою т.б құқық бұзушылықтар. Қалғаны банк пен алимент бойынша берешек екені расталды», - деп хабарлады полиция.

Көлік айыптұраққа қойылды.

Соңғы айда Түркістан облысында «Қорғау» бағдарламасының көмегімен айыппұлын төлемеген 100-ге жуық жүргізуші анықталды.