Шілденің ортасында «Қазақфильмнің» бір топ қызметкері митингке шыққан
«Қазақфильм» президенті қызметінен кетеді деген хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалдының қызметінен босатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды», - деді ведомстводан.
Еске салайық таяуда Алматыдағы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының отызға жуық қызметкері бейбіт шеруге шықты. Олардың еңбекақы алмағанына 7 айдың жүзі болған. Сонымен бірге, «Алтын адам» анимациялық фильмін жасап шыққан аниматорлар 1 жыл бойы тегін жұмыс істеп келген.