31.07.2024, 10:42
Қоғам
Ұлытауда «MetaGo» пирамидасын басқарған екі азамат анықталды
Олар жергілікті халықтан 70 млн теңгеге жуық ақша жинап алған
Фото: ҚМА
Жезқазғанда екі адам 9 ай бойы қаржы пирамидасын ұйымдастырып, азаматтардан 70 млн теңге жинап алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фактіні қаржы мониторинг агенттігі тергеп, істі аяқтаған. Дереккөзіне сүйенсек, екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы "MetaGo" қаржы пирамидасын жарнамалаған.
«Сондай-ақ осы пирамиданың Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған. Адамдарға табыстың астында қаласыз деп уәде ете отырып, олардан ақша тартқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың заңсыз қызметінен түскен табыс сомасы 68 млн теңгеден асқаны анықталды», - деп хабарлайды ҚМА агенттігі.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)