Жамбыл облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталған екеу Тараз қаласының тұрғындары болып шықты

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында заңсыз аңшылықпен айналысқан екі адам ұсталды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап.

Браконьерлер үш бас қарақұйрықты атып алыпты.

«21 қазанда сағат 11:30 шамасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК мен жергілікті полиция қызметінің инспекторлары рейдтік шара барысында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында үш бас қарақұйрық аңын заңсыз атқан Тараз қаласының екі тұрғынын ұстады. Аталған факты бойынша ҚР ҚК 337 бабымен қылмыстық іс қозғалып, СДТБТ-де тіркелді», - деді С.Ділдахмет.

Айта кетейік, қарақұйрық Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген. Оның бір басына 400 АЕК (1 010 000 теңге) айыппұл тағайындалған.