$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дана Әтешованың үстінен қылмыстық іс қозғалмасын деп қана күш көрсеттім - Әйтенов өз әрекеті туралы

Сот отырысы Дана Әтешова сөйлемей тұрып бес минут үзіліске шықты

Дана Әтешованың үстінен қылмыстық іс қозғалмасын деп қана күш көрсеттім - Әйтенов өз әрекеті туралы
Фото: Forbes.kz

Астанада Марат Әйтенов пен Дана Әтешоваға қатысты сот отырысында судья Марат Әйтеновке сұрақ қоюды бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот орындаушылары келген кезде Әйтенов экс-жұбайына басқа пәтер бар екенін айтып, кетуге шақырған.

«Қазір менің балаларым психологиялық тұрғыда сынға ұшырап жатыр. Мен өз әкелік борышымды орындаудан бас тартпадым», - дейді Әйтенов.

Әйтенов неге зорлық-зомбылықпен әрекет жасағанын түсіндірді.

«Ол сөз түсінбеді. Кішкентай қызымның мойнын қысып отырды. Оған кішкентай баланың мойын қатты қысуға болмайды дедім. Себебі оны үзіп алуға болады дедім. Оның қолын мойыннан айыру үшін аяғынан тарттым, сол кезде ол қолын босатты», - дейді ол.

Судья сот орындаушылар өз жұмысын орындап жатқанда Дана Әтешоваға не үшін тиіскенін сұрады.

«Сот орындаушысы менің балаларыммен кездесуімді бекітетін. Ол оқиға орнына басқа сот орындаушылар келді. Мәселе баспанада болса, басқа пәтер бар деп түсіндірдім. Біреудің меншігінде әрі қарай тұра берсе де болмас еді. Оған мүлде зәбір көрсеткім келген жоқ. Сот орындаушыларына қарсы шыққаны үшін Дана Әтешованың үстінен қылмыстық іс қозғалмау үшін күш көрсеттім. Оған күш көрсеткенімді мойындаймын», - дейді ол.

Сот отырысында жәбірленуші Дана Әтешова сұралады. Ол судьядан 5 минут үзіліс сұрады. 

Серіктес жаңалықтары