Күдікті қамауға алынды
Ақтөбе полициясы қайғылы оқиғадан кейін бірден жеті қызметкерді жұмыстан шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер органдарының 34 жастағы қызметкері Ақтөбе облысында ерлі-зайыптыны қағып өлтірді. Қайғылы оқиғадан кейін жол-көлік оқиғасына қызметтік тексеру жүргізілді.
Полиция қызметкері үйлену тойынан кейін мас күйінде Kia көлігін басқарған. Салдарынан 25 және 26 жастағы ерлі-зайыптыны қағып өлтірген. Анықталғандай, 23 шілдеде шамамен сағат 00.50-де «Kia» автокөлігінің жүргізушісі Ақжар-1 ауылының маңындағы айналма жолмен жүріп келе жатып, жолаушысы бар велосипедшіге соқтығысқан.
Ақтөбе облысының полиция департаменті редакцияға сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Қызметтік тексеру жүргізілді, нәтижесінде 7 жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар да өз лауазымдарынан айырылды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Күдікті қамауға алынды.