Жаркент қаласы карантинге жабылады
31 жастағы қала тұрғынының коронавирус жұқтырған
Алматы облысының Жаркент қаласында тұратын тұрғыннан COVID-19 инфекциясы анықталған. Бұл Жаркент қаласында тіркелген алғашқы жағдай.
«Эпидемиологиялық тексеру барысында 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады», - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Инфекция жұқтырған науқас Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылды. Оның 15 адаммен байланыста болғаны анықталды. Олардың барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер әлі жалғасып жатыр.
Бүгінге дейін Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 135 адамға жетті, ал қауіпті індеттен жазылғандар қатары – 12 адам.