Жалпы шығын 1,5 млн теңгеден асқан
Полицияға тұрмыстық техниканы сататын дүкеннің директоры жүгінді. Оның айтуынша, бірнеше ай ішінде дүкеннен үш «ІPhone 15 pro» телефоны ұрланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жалпы шығын 1,5 млн теңгеден асқан.
Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері дүкен сатушысының ұрлық жасағанын анықтады.
«21 жастағы күдіктінің ұрланған телефондарын ломбардқа тапсырғаны анықталып, жедел-тергеу тобы ұялы телефондарды тәркіледі. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.