Барлық келгендерден COVID-19 талдауы алынады
Павлодар облысына Омбы қаласында оқитын 109 қазақстандық азамат келді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Олардың ішінде: Павлодар облысының тұрғындары – 74 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 8 адам, Алматы қаласы және Алматы облысы – 11 адам, Түркістан облысы – 9 адам, Шымкент қаласы – 7 адам. Бүгін Черлакский-Үрлітөбе шекарасында оларды Павлодар облысының әкімдігі ұйымдастырған көлік қарсы алды. Олар карантиндік ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.
Барлық келгендерден COVID-19 талдауы алынады. Короновирус инфекциясы анықталмаған жағдайда Павлодар облысының тұрғындары үй карантиніне ауыстырылады, өзге қала тұрғындары үйлеріне жіберіледі.