Павлодар облысында тағы 5 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Облыста коронавирус жұқтырғандар саны 127 адамға жетті
Павлодар облысының Екібастұз қаласында 3 адам коронавирус жұқтырған. Олар – 1980 жылғы әйел адам және оның 2011 жылғы қызы мен 2006 жылғы ұлы. Өздеріне дейін вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған науқастар облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Сонымен қатар, Екібастұздағы отбасының туысы — 1992 жылғы Павлодар қаласының тұрғынынан коронавирус инфекциясы табылды.
Вирусты жұқтырған тағы бір адам 1966 жылғы Екібастұз қаласының тұрғыны, ол да өзіне дейін коронавирусты жұқтырған адаммен байланыс жасаған.
«Тұрғылықты жері, жұмыс орны бойынша қарым-қатынас жасаған адамдар ортасын анықтау жұмыстары, ауру ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған», - деолінген ақпаратта.
Бүгінде облыста коронавирус инфекциясын 127 адамның жұқтырғаны тіркелген.