Науқас өлімінің әрбір фактісі жеке зерттеледі
Коронавирус пен өзге де аурулардан болған өлім-жітімнің статистикасы жүргізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
«Егер науқастар инсульттан немесе басқа да ауыр аурулардан қайтыс болса, алайда оған қоса COVID-19 вирусы анықталса, онда бұл жағдай коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім статистикасына тіркелмейді», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта елімізде осындай 25 жағдай анықталды. Науқас өлімінің әрбір фактісі жеке зерттеледі және барлық факторлар ескерілгеннен кейін шешім шығарылады.