Түркістан облысында коронавирус жұқтырған әйел босанды
Ал нәрестеден COVID-19-ға алынған талдау нәтижесі жақын уақытта белгілігі болады

Түркістан облысы Кентау қаласының дәрігерлері коронавирус жұқтырған әйелді босандырды. Қазір сәби оқшауланып, облыстық перзентханада дәрігерлердің бақылауына алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«22 жастағы жүкті әйел Кентау қалалық орталық аурухананың жұқпалы аурулар стационарына 27 сәуір күні жатқызылған. Оның денсаулығы толық тексеріліп, коронавирус жұқтырғаны анықталды. Науқаста дене қызуының көтерілуі мен екі жақты пневмония, жөтел белгілері болған. Дәрігерлер әйелді босандырып алды. Салмағы 3400 гр болатын ұл бала дүниеге келді», - деп жазылған хабарламада.
Қазір әйел жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдап жатыр. Ал нәрестеден COVID-19-ға алынған талдау нәтижесі жақын уақытта белгілігі болады