$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.07.2024, 16:41
Қоғам

Шымкенттік әйел күйеуіне бүйрегін берді (ВИДЕО)

Ер кісі 1 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған

Шымкенттік әйел күйеуіне бүйрегін берді (ВИДЕО)
Фото: freepik.com

Шымкентте №1 қалалық клиникалық аурухана базасында 221-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Науқастар ерлі-зайыпты. Донор – әйелі, ал күйеуі – реципиент, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер кісі 1 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған. Гемодиализ аппаратына тәуелді болған.

Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде 1975 жылғы ер азаматқа әйелінің бүйрегін хирургиялық жолмен салып берді. Ота сәтті өтті. Науқастар үйіне шығарылды.

«№1 қалалық клиникалық ауруханада кезекті бүйрек трансплантациясы отасы өтті. Операция тірі донорда жасалды. Ол рецепиенттің әйелі. Науқас 1 жылдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Отадан кейін «жасанды бүйрек» қызметі қажет болмайды. Науқастың өмір сүру сапасы жақсарады деп күтілуде», - деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байтеміров.

Күрделі отаны бастан өткерген науқас дер кезінде әрекет етіп, өзін ажалдан арашалап қалған ақ халаттыларға алғысын білдірді.

«Бір жыл бойы гемодиализде жүрдім. Осы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек ауыстыру отасын жасады. Жұбайым донор болды. Құдайға шүкір, қазір жағдайым жақсы. Бірер күнде үйге шығамын. Дәрігерлерге көп рақмет», - деді реципиент Ерлан Асқаров.

Серіктес жаңалықтары