Елордалықтар ПТР-тестілеуге Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жазыла алады

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирус тестінен өткені туралы анықтама 7 күнге жарамды

фото: astana.gov.kz

COVID-19-ға ПТР-тестілеуге Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жазылуға болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі.

1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасындағы әуе рейстері ашылады. Ұшу алдында жолаушылар коронавирусын анықтайтын ақылы тестілеуден өз бетінше өтуі қажет. Қалалық әкімдіктіктің хабарлауынша, қала тұрғындары тестен Smart Astana қосымшасы арқылы «Медицина» – «COVID-19 тестіне жазылу» бөлімінде жазыла алады.

«Сауалнама автоматты түрде «КДЛ Олимп» зертханаларына жіберіледі. Одан әрі медициналық мекеме қызметкерлері қоңырау шалып, емшара кабинетіне шақырады. COVID-19 тесті азаматтардың өз қаражаты есебінен, ақылы тапсырылады», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, коронавирус тестінен өткені туралы анықтама 7 күнге жарамды. Егер жолаушы Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келіп, құжаттың қолданылу мерзімі аяқталса, қайта оралу үшін ол қайтадан ақылы тестілеуден өтуі қажет.