Жамбыл облысында жұмыс орнында қайтыс болған жұмысшының басшысы жауапкершіліктен жалтарған
Прокурорлар отбасына 3 млн теңге өтемақыны өндіріп берді
Қордай ауданында жұмыс беруші еңбек шартының орнына қызмет көрсету шартын жасасу арқылы жұмысшының өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершіліктен жалтару фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Бұл схема жеке кәсіпкерге жұмыс орнында қаза болған жұмысшының отбасына өтемақы төлемеуге мүмкіндік берді.
«Қордай ауданы прокуратурасының сотқа берген талап қоюы бойынша көрсетілген адамдар арасындағы еңбек қатынастарының фактісі дәлелденіп, қаза болған тұлғаның отбасына 3 млн теңге төленді», - делінген хабарламада.
Еңбек кодексіне сәйкес жұмысшылар мен жұмыс беруші арасында еңбек шарттары жасалуға міндетті.
Бұл жұмысшыларға өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауға кепілдік береді.