Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық қалпына келтіріледі
Жұмыс сапары барысында Катонқарағай ауданына барған Шығыс Қазақстан облысының әкімі аудандық полиция бөлімін аралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Ғимарат 1970 жылдары салынған. Пайдалануға берілген кезден бері бұл нысанда бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген. Полиция ғимаратының жағдайын көрген аймақ басшысы жақын арада бұл нысан толықтай жөнделетінін айтты.
«Жақында қаражат бөлінеді. Егер барлығы жоспарға сәйкес болса, ғимарат толық қалпына келтіріледі. Әрине, осындай тозған ғимаратта жұмыс істеу қиын. Сондықтан бұл мәселе шешіледі», — деді Ермек Көшербаев.