Полиция әскерден қашқан жігіттерді күшпен әкетуге құқылы – қорғаныс министрлігі

Аягөз Құрмаш

Конституцияға сай әр сарбаз елді қорғауға міндетті

Полиция әскерден қашқан жігіттерді күшпен әкетуге құқылы – қорғаныс министрлігі
Фото: parlam.kz

ҚМ ресми өкілі Руслан Жангулин Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте әскерге жас жігіттерді көшеден ұстап алып кететін жағдайларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әскерге шақыртуға жергілікті атқарушы билік органдары жауапты. Қорғаныс министрлігінің жергілікті орындарындағы әскери басқару органдарының тізімін жасақтайды. Осы бойынша шақырылады. Ал егер де шақыртуды алып, бірақ, келмеген азаматтар болса, олардың тізімдері ішкі істер органдарына беріледі. Яғни, оларды жергілікті әскери басқару органдарына жеткізуге жауапты», - дейді Жангулин.

Ресми өкілдің айтуынша, Конституция бойынша әр азамат елімізді қорғауға міндетті.

«Сондықтан азаматтардың сана-сезіміне байланысты. Әскерге шақырту келсе, олар келуге міндетті. Бұл жерде олардың тарапынан заң бұзушылық байқалып отыр. Ішкі істер органдары тиісті түрде оларды жеткізуге мәжбүр. Ол азамат тексеріледі, әскерден шететтілетін жағдай болса, әскерден босатылады. Ал барлығы дұрыс болып, әскерге сай болса, әскерге жіберіледі», - деді Руслан Жангулин.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.