12.07.2024, 09:46
Қоғам
«Шетелге бала сатқан адам мектепте білім бере ала ма?»: Қымбат Досжан бельгиялық Жәнібектің анасы жайлы айтты
Ол баланы ақшаға сатқан адамды ары мазаламайтынына таңғалған
Фото: видеодан скриншот
Танымал журналист Қымбат Досжан өзінің Instagram парақшасында анасын іздеген бельгиялық қазақ Жәнібек Савельевтің анасына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«20 жыл бұрын қылмыс жасап, баланы шетелге сатқан «адамның» мектепте білім беруге құқығы бар ма? Мыңдаған долларға сатып жіберген қарагөздер түсіне кірмей ме екен? Президент «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына қол қойды», - деп жазды Қымбат Досжан.

Еске салсақ, Бельгиядан анасын іздеп келген қазақ Жәнібек Савельев жақында өзін асырап алған анасы ауырып жатқанын айтып, қазақстандықтардың көмегіне жүгінген болатын.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты