Суға түсу қауіпсіздігін бұзғандар 62 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

Автор: Azattyq Rýhy

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 7 есе артқан

Фото: ТЖМ

Елімізде судағы қауіпсіздікті сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 7 есе артқан. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов бұл туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жыл басынан бері заң бұзушыларға жалпы сомасы 62 млн 608 мың теңгеден асатын сомадағы айыппұлға 9 мыңға жуық хаттама толтырылды», - деді Ақылбек Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Биыл Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша «Судағы қауіпсіздікті сақтамағандары үшін» әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 7 есе ұлғайған.

Сонымен қатар, комитет төрағасының орынбасары шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кеткенін хабарлады.