11.07.2024, 14:20
Қоғам
Үндістанда нөсер жауын салдарынан 22 адам көз жұмды
600-ден астамға адамға зардап тиді
Фото: istockphoto.com
Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында соңғы тәулікте жаңбырға байланысты оқиғалардан кем дегенде 22 адам көз жұмған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, үздіксіз жаңбыр өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне және штаттың 12 округіндегі 600-ден астам ауылдың су астында қалуына әкелді.
Су тасқыны мың гектардан астам ауылшаруашылық жерін шайып, 800 мыңға жуық адамға зардабын тигізді.
Төтенше көмек көрсету топтары мен құтқарушылар 10 мыңнан астам адамды қауіпсіз орындарға ауыстырды.
Елдің солтүстік-шығысындағы Ассам штатындағы су тасқынынан басқа, муссондық жаңбыр Үндістанның көптеген штататында батпақты көбейтіп, су тасқынын тудырды.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)