Шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кетті – ТЖМ

Azattyq Rýhy

Оның 30-ы - бала 

Шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кетті – ТЖМ
Фото: istockphoto.com

Шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ хабарлауынша, 131 адам құтқарылды.

«Бұл жерде назар аударатын нәрсе: әрбір азамат жол жүру ережесін сақтаған сияқты, судағы жүріп тұру қағидаларында қатаң сақтауы тиіс. Себебі, «Шәкірт дайын болғанда ғана ұстаз келеді» демекші, біз қанша ескерту, оқыту, алдын алу шараларын ұйымдастырғанымен, ең бірінші судан келетін қауіпке араша болушы – ол адамның өзі екенін ұмытпаған жөн. Сонымен қатар судағы қауіпсіздік ережелерін бұзушыларға әкімшілік әсер ету су айдындарындағы оқиғалардың санына оң нәтиже беруде. Өздеріңіз, жақындарыңыз және балаларыңыз судан жапа шегуінің алдын алу үшін, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет», - деді Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.