Садыр Жапаровтың болашақ күйеубаласы наркодилер болып шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ақпаратты Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы растады

Фото: видеодан скриншот

Садыр Жапаровтың жиені Лазат Нұрқожаева жуырда тұрмысқа шығу туралы ұсыныс алды. Алайда, күйеу жігіт Афтандил Сабырбеков есірткі өндірді деп айыпталып, түрмеге қамалды.

Ақпаратты Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагөзов растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жас жігіттің басты мақсаты өзінің заңсыз әрекеттерін қорғау үшін биліктегі адамдарды («крышаны») табу болды деп сенуге толық негіз бар», - деп жазды ол Facebook-те.

Бішкектің Бірінші мамыр аудандық соты, kaktus.media хабарлағандай, Афтандил Сабырбековті 3 тамызға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды.

Күйеу жігіт есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз өндіргені үшін күдікке ілінді. Егер оның айыбы дәлелденсе, Қырғызстан заңы бойынша 15 жылға дейін түрмеге жабылады.