Байден Паркинсон ауруына шалдықты ма

Автор: Azattyq Rýhy

Ақ үй ресми мәлімдеме жасады

Фото: Bild

АҚШ президенті Джо Байден Паркинсон ауруына шалдыққан жоқ. Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілі Карин Жан-Пьер мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW-ға сілтеме жасап.

«Президент Паркинсон ауруына шалдықты ма? Жоқ. Ол қазір Паркинсон ауруынан емделіп жатыр ма? Жоқ. Ол Паркинсон ауруына қарсы дәрі қабылдай ма? Жоқ», - деді ол брифингте журналистің тиісті сұрағына жауап беріп.

Сонымен бірге Жан-Пьер Байденнің жыл сайынғы медициналық тексерулер аясында невропатологқа үш рет барғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін The New York Post газеті Ұлттық әскери медициналық орталығының Паркинсон ауруы бойынша сарапшысы Уолтер Рид сегіз айда Ақ үйге сегіз рет барғанын хабарлаған.