Бесінші қабаттан құлаған бала оқиға орнында көз жұмды
Оралда 7 шілде күні күндіз бес жасар екі бала бесінші және үшінші қабаттардың терезелерінен әр түрлі уақытта құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Батыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, 2019 жылы туған бала сағат 22:50-де бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Полиция тергеу жүріп жатқанын айтты.
Сонымен қатар сағат 13:00 шамасында 2019 жылы туған тағы бір бала үшінші қабаттағы москит торына сүйеніп, терезеден құлап кеткен. Дәрігерлер оны облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізді.
«Науқас травматология бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы орташа. Оған қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр», деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
ТЖМ ата-аналарға ашық терезе қауіпті екенін тағы да еске салды.