09.07.2024, 10:31
Қоғам
Елімізде Ұлттық кітап күні пайда болады
Мереке 23 сәуірге белгіленді
Фото: istockphoto.com
Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылаудан өтті.
23 сәуір Ұлттық кітап күні аталып өтеді.
Бұл жаңа мерекелік күн Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты пайда болды. Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Көп оқылған
09.09.2026, 10:10
Оралда ер адам танысын асқан жауыздықпен пышақтап өлтіріп, сотта өзін қорғадым деп ақталған
09.09.2026, 12:05
«Бес қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салып жіберген»: Ұлдана Мырзуанның сотында сарапшы сұмдық мәліметті жария етті
09.09.2026, 14:32
Бір топ еркекпен жеке қалған: ақтөбелік әйел қызының көзінше тікелей эфирде былапыт сөйлеген (ВИДЕО)
09.09.2026, 13:37
Баян Алагөзова дінге қатысты желідегі жазбасы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады