Ақмола облысында КВИ жұқтырған 27 науқас дертінен айықты
28 сәуір күнгі сағат 13:15-тегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 32 адам тіркелді. Оның ішінде Алматы қаласында - 16, Атырау облысында – 4, Қарағанды облысында - 3, Павлодар облысында - 4, Ақтөбе облысында – 4, Қызылорда облысында 1 адам бар.
Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 2982 науқас, бүгінде олардың 754-і емделіп шықты. Бүгін республика бойынша COVID-19 инфекциясы анықталған 29 науқас сауығып шықты: Нұр-Сұлтан қаласы - 2, Ақмола облысы - 27 адам.