$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2020, 13:57
Қоғам

«Кәуап пісіруге тыйым салынады». Алматылықтарға саяжайға баруға рұқсат берілді

Қаланың шетінде 27 мыңнан астам саяжай бар

«Кәуап пісіруге тыйым салынады». Алматылықтарға саяжайға баруға рұқсат берілді
Фото: ашық дереккөзден

Алайда, тұрғындардың саяжайға барғаны және оның қажет мақсатта қолданылып жатқаны тексеріледі. Егде жастағы адамдар блок-бекеттерге дейін арнайы көлікпен бара алады. Қаладан сыртқа шыққысы келген адам арнайы өтініш бермейді, тек саяжайы бар екенін растайтын құжатын өзімен бірге алып жүрсе жеткілікті. Саяжайда кәуап пісіруге және қонақ шақыруға тыйым салынады. Саяжайдан қайтқан тұрғындар қалаға кіретін кезде тексеріледі. 

«Саяжайлардың көбі Алматы облысында орналасқан. Саяжайдың меншік құжатын және оның қасына тағы екі адамның  жеке басын анықтайын құжатын қоса алады. Үш адамдан артық жиналуға болмайды және оларда өзімен бірге міндетті түрде медициналық қорғаныш құралдары болу керек.  Саяжай аумағынан шығуға болмайды және онда үш адамнан артық жиналмау керек. Саяжайы бар адамдардың дені егде жастағылар және 65 жастан асқан адамдардың үйде болуына кеңес береміз. Электронды өтініш берудің қажеті. Саяжайдың расымен қажеттілік үшін қолданылып жатқаны тексеріледі», - деді  Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қоғажағапанов.  

Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімдігі тұрғындардың аулаға шығуына да рұқсат берді. Алматылықтар таңғы сағат 05:00 кешкі 21:00-ге дейін өз аулаларында балаларын ойната алады. Бірақ футбол, баскетбол сынды өзге де спорттық ойындарды ойнауға болмайды. Аулалардағы тазалықты тұрғындардың өздері сақтап, ПИК дезинфекция жасап тұруы тиіс.  

«Жан-жақты талқылап, қаулы шығардық. Аулаға шыққан адамдар міндетті түрде маска тағу керек. 14 жасқа дейінгі балалар ересектерсіз сыртқа шыға алмайды. Балалардың топталып ойнауына және ауладан басқа жақққа баруына рұқсат жоқ. Үш адамнан көп жиналмай, екі метр қашықтықты сақтау қажет. Физикалық байланысқа бармай, жеке гигиена сақталу керек. Қол беріп амандаспау керек. Далада адамдардың көп екені байқалса, олардың азаюын күтіп, балаларды ойнату уақытын ауыстыру керек», - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары