Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізуді ұйымдастырған шетелдік ұсталды

Azattyq Rýhy

ҰҚК жеткізу арнасын жойды

Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізуді ұйымдастырған шетелдік ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

ҰҚК Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстан Республикасына есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы 21 маусымда Маңғыстау облысында 10 кг гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.

Тінту барысында олардан 50 г апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат алынды.

Есірткі арнасын түзеу мекемесінде осындай қылмыс жасағаны үшін отырған шетел азаматы ұйымдастырды деген күдік келтіріліп отыр.

Сотталғанның жойылған есірткі арнасына қатыстылығы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталды.

«Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды» - ҰҚК баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.