05.07.2024, 09:15
Қоғам
Қазақстанның төрт қаласында террористік қауіптің «сары» деңгейі жойылды
Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Қазақстанның төрт қаласында террористік қауіптің «сары» деңгейі жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Терроризмге қарсы штабтың хабарлауынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай Халық Республикасы төрағасының мемлекеттік сапарының аяқталуына байланысты 4 шілдеде сағат 23:59-дан бастап Астанада терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін жою туралы шешім қабылданды.
«Бір мезгілде Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында 4 шілдеде сағат 23:59-дан бастап террористік қауіптің орташа деңгейі жойылады. Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшуде», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды