Қапшағай су қоймасының жағажайларында түнгі рейдтер ұйымдастырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін бұзған азаматтарға қатысты 16 әкімшілік хаттама толтырылды

Фото: ТЖМ

Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайларында кезекті түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Рейдтің барысында демалушыларға жадынамалар тапсыра отырып, судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, қалалық жағажайларды патрульдеу кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар анықталды»,- делінген хабарламада.

ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес түнгі уақытта суға шомылатын азаматтарға су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін бұзғаны үшін 16 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жұмыс жалғасады.