Әзербайжаннан келген журналист Астананың тазалығына таң қалған (ВИДЕО)
Бұл туралы ол ШЫҰ аясында журналистерге берген пікірінде айтқан
Әзербайжан телеарнасының журналисі Шанхай Ынтымақтастық ұйымы мен Астана туралы ойын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, Қазақстанға алғаш рет он бес жыл бұрын келген
«Мен Қазақстанға екінші рет келіп отырмын. Шамамен он бес жыл бұрын алғаш рет келгемін. Астана – өте таза әрі тамаша қала. Бұл жерде саяси шаралар өтеді. Әзербайжанның журналисі ретінде мен жаңалықтарды үнемі бақылап отырамын, Қазақстан Орта Азияда ықпалы зор ел», - деді ол «Информбюро» тілшісіне берген сұхбатында.
Шетелдік журналистің айтуынша, Қазақстанның көршілері – өте мықты ел.
«Сондықтан, Қазақстан өзінің экономикасымен қатар, инфрақұрылымын дамытып, қуатты ел бола түсуі керек. Мен бүгінгі саммиттің ұйымдастыру жұмысына жақсы баға беремін», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайдан келген журналист Астана мен ШЫҰ туралы ойын айтқан болатын.