$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Астана қарқынды дамып жатқан қала»: қытай журналисі ШЫҰ, елорда және қазақ-қытай арасындағы туризм туралы ойын айтты

Ол «Менің Алтайым» сериалынан кейін қытайлардың Қазақстанға деген қызығушылығы арта түскенін айтты

«Астана қарқынды дамып жатқан қала»: қытай журналисі ШЫҰ, елорда және қазақ-қытай арасындағы туризм туралы ойын айтты
Фото: Azattyq Ruhy

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне Қытайдан келген журналист, CGTN телеарнасының атқарушы продюсері Джан Хэ Azattyq Rýhy тілшісіне Қазақстан туралы өзінің алғашқы әсері жайлы айтып берді.

«Іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қалада ШЫҰ өтеді деген билбордтар көп қойылған. ШЫҰ саммитінен ақпарат тарататын журналистерге арналған баспасөз орталығында да жағдай жақсы жасалған. Мен өзім Қазақстанға тұңғыш рет келіп отырмын. Сапардың алдында Шыңжанға бардым. Себебі онда өте көп қазақ тұрады. Қытайда қазақтар туралы түсірілген «Менің Алтайым» сериалын көргендер  Қазақстанға саяхаттағысы келді», - дейді ол.

Оның айтуынша, биыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы және екі ел азаматтарына виза қажет емес.

«Менің Алтайым» сериалынан кейін халық Шыңжанға саяхаттай бастады. Ал Шыңжаннан кейін Қазақстанға сапарлады. Адамдар Қазақстанның шекарасына көлік арқылы да өтіп жатыр. Астана өте дамыған қала екен. Мен елге келе жатқанда адамдар ат мініп жүреді деп ойладым. Ал елорда қарқынды дамып жатқан қала екенін көрдік. Біз ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары аясында ақпарат таратуға келіп отырмыз. Алайда саммит басталмай тұрып біз 1-2 күнді пайдаланып, қытайлықтарға елдің мәдениеті, тарихы және әдет-ғұрпымен таныстыратын материалдар жинап алдық», - дейді ол.

Еске салсақ, «Менің Алтайым» сериалы қытай қазақтарының тұрмысын көрсетеді. Сериал елдегі қаралым бойынша үздік аталып, Канн фестиваліне ұсынылған тұңғыш қытай сериалы атанды.

Серіктес жаңалықтары