ШЫҰ: 33 мемлекеттен келген 150 шетелдік БАҚ ақпарат таратып жатыр
200-ге жуық отандық журналист те бар
Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-ші саммитінен 33 мемлекеттен келген 150 шетелдік БАҚ-тың 700 өкілі ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жайында Президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Олардың арасында: Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, БАӘ, Түркия, Түрікменстан, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Германия, Франция, Сербия, АҚШ, Малайзия, Испания, Норвегия, Чехия, Оңтүстік Корея, Йемен, Мысыр, Иордании, Ливан, Канада және Сингапур елдерінің журналистері бар.
«Әріптестеріміздің ыңғайлы жұмыс істеуі үшін 3 баспасөз орталығы Тәуелсіздік сарайында, Бейбітшілік және келісім сарайында және Ұлттық музейде жасақталған. Бүгінгі маңызды халықаралық іс-шараға 200-ге жуық отандық журналист тіркелді. Атап айтқанда, 13 телеарнадан, 28 интернет ресурстан, 6 басылымнан келген әріптестеріміз саммиттен ақпарат таратып отыр», - деп жазды Берік Уәли.