Алматыдағы көшенің бірі үш айдан астам уақытқа жабылады
48 жылдық құбыр жөндеуден өтеді
Алматыда қыркүйек айының ортасына дейін Ходжанов көшесі учаскесінде қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы жылу желілерінің» ақпараты бойынша, 3 шілдеден 15 қыркүйекке дейін Бостандық ауданында Радостовец көшесінен Гагарин даңғылына дейін Ходжанов көшесінің учаскесі жабылады. Мұнда қозғалыс екі бағытта да болмайды.
«1976 жылдан бастап пайдалануға берілген, аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 1097,5 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. «ТМ1» жылу трассасы жылумен жабдықтауды (ыстық су, жылыту) бөлуді қамтамасыз етеді және «оңтүстік» және «Орбита» қазандықтарын өзара байланыстырады», - делінген хабарламада.
Бұл ретте тұтынушылар ыстық суды ажыратпайды.