Қорғаныс министрлігі тұрғындардан алаңдамауды сұрайды
Астана тұрғындары аспанда ұшып өткен әскери ұшақтарды көрді. Қорғаныс министрлігі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
3-4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Осыған байланысты елордада әуе шептерін қорғау күшейтіледі.
Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында қауіпсіздік ережелеріне сәйкес Қарулы Күштер авиациясының жаттығу ұшулары өтеді, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан бұған түсіністікпен қарауды сұрайды.