27.04.2020, 10:48
Қоғам
Шетелдік туристер Италияға жыл соңына дейін бара алмайды
Италия үкіметі шекарасын жыл соңына дейін ашпайтынын мәлімдеді
фото: biletnasamolet.kz
Италияның мәдениет және туризм министрі Дарио Франческинидің айтуынша, шекараларды ашу туралы шешім коронавирус инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайға және әрбір жекелеген мемлекеттің саясатына байланысты қабылданады.
Мемлекет ішкі туризмді дамытып, осыған байланысты табысы төмен отбасыларды қолдайтын болады. Субсидия бір отбасыға 500 евроға дейін болады. Бұл қаржы ел ішіндегі жазғы демалысқа беріледі. 8 наурыздан бастап жабылған Италияның музейлері мен көрікті жерлерін мамыр айында ашу жоспарланған.
Италияда COVID-19 қауіпті вирусының кесірінен 26 мыңнан астам адам көз жұмған. Ел осы көрсеткіш бойынша әлемде үшінші орында тұр.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
05.11.2026, 08:33
«Төрт бөтелке сыра ішіп, дүкенге шыққан»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды