Қос қадамнан тұратын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті
Қазақстан Ұлттық банкі қос қадамнан тұратын алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақшалай транзакция орындалған соң алаяқтар байланысқа шығуды тоқтатады.
Ұлттық Банк қызметкерлері мессенджер арқылы аудио және бейнеқоңырау шалмайды.
Үшінші тұлғалар тарапынан орындалатын алаяқтық әрекеттерге жол бермес үшін Ұлттық Банк қоңырау шалған адаммен байланысты үзіп, қандай да бір талқыдан бас тартуға шақырады.
Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайды, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейді.
Егер Сіз немесе жақыныңыз алаяқтардың арбауына тап болса, арыз жазу арқылы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің байланыс орталығына да хабарласуға болады.