Оралдағы газ жарылысы: зардап шеккендердің халі қалай

Azattyq Rýhy

Балалар әлі де ауыр жағдайда

Оралдағы газ жарылысы: зардап шеккендердің халі қалай
Фото: istockphoto.com

Шамамен 10 күн бұрын Құрбан айт мерекесінде «Ел Ырысы» базарында газ баллоны жарылды. Салдарынан  10 адам зардап шекті. Тұрғындардың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгін ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq rýhy.

Жарылыс 16 маусымда болды. 27 мен 67 жас аралығындағы сегіз ер адам, сондай-ақ 15 және 17 жастағы екі жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

17 маусымда үш ересек және бір бала реанимацияда болды.

Дәрігерлердің айтуынша, 25 маусымда екі ер адам реанимациядан бөлімге ауыстырылды. Тағы екеуі үйге шығарылды.

«Реанимацияда әлі бір адам бар, оның жағдайы тұрақты ауыр. Төрт пациент ем алып жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр. Бір бала реанимацияда, екіншісі травматология бөлімінде», - делінген хабарламада.

Жасөспірімдер халі әлі де ауыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.