СІМ анықтап жатыр
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореядағы зауытта өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма, анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сеул маңындағы Хвасон қаласындағы литий батареялары зауытында өрттен 22 адам құрбан болды. Белгілі болғаны, оның 18-і – Қытай азаматы. Бір лаостық және екі оңтүстік кореялық жұмысшы бар. Сондай-ақ, кем дегенде тағы бір адам жоғалып кетті.
Оңтүстік Корея өрт сөндірушілері қаза тапқандардың көпшілігі қатты күйіп кеткенін, сондықтан әрқайсысын анықтау үшін уақыт қажет екенін айтты.
Сеулден оңтүстікке қарай 45 шақырым жерде орналасқан Хвасондағы зауытта өрт кеше таңертең тіркелді. Барлық қаза тапқандар №3 зауыт ғимаратының екінші қабатынан табылды.