$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Кореяда зауыттағы жарылыстан 22 адам қаза тапты

Қаза тапқандардың арасында 18 қытайлық жұмысшы мен бір лаостық бар

Оңтүстік Кореяда зауыттағы жарылыстан 22 адам қаза тапты
Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореядағы литий батареялары зауытында жарылыс болып, 22 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өрт 35 мыңға жуық литий батареялары сақталған қоймада үлкен жарылыс болғаннан кейін басталды», - деп жазды агенттік.

 Қаза тапқандардың арасында 18 қытайлық жұмысшы мен бір лаостық бар. Тағы бір қайтыс болған адамның азаматтығы әлі расталған жоқ.

Кәсіпорын Сеулден батысқа қарай 90 км жерде, елдегі ең ірі өнеркәсіптік Хвасон қаласында орналасқан.

Корея билігінің айтуынша, зауыт литий энергия жасушаларын өндіруге маманданған Aricell компаниясына тиесілі.

Өрт сөндіруші құтқарушылар тобы өрттің аумағын оқшаулап, зауыттың хабар-ошарсыз кеткен бес жұмысшысын іздеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары