Олар халықты аяғаннан ақша берді – Бозымбаев су тасқынына ақша бөлген бай-манаптар туралы (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Вице-премьердің айтуынша, президент оларға алғыс айтқан

видеодан скриншот

Бүгін Үкімет су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек ретінде ақша бөлген кәсіпкерлердің тізімін жариялады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ол кәсіпкерлер ақшаны мақтану үшін емес, халықты аяғаннан, яғни, таза ниетімен берді деген ойын мәлім етті, деп хабарлайды Аzattyq rýhy.

«Көмектесіп жүрген кәсіпкерлер өткен аптада президенттен алғыс естіді.  Олардың кім екенін айттық. Менің ойымша, бұл кісілер, яғни, демеушілер қаражатты марапат үшін берген жоқ. Олар халқымызды аяп, қандай көмек көрсете аламын деген таза оймен берген», - деді Бозымбаев үкіметтегі брифингте.

Бозымбаевтың сөзіне сенсек, кәсіпкерлер берген қаражатының қалай және қайда жұмсалып жатқанын 100 пайыз бақылап жүр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін үкімет су тасқынында зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде қаражат бөлген кәсіпкерлердің тізімін жариялаған болатын.