«Алғаш рет көрсетіп отырмыз»: үкімет су тасқынына орай ақша берген олигархтардың тізімін жария етті
Олар қорлар арқылы қаражат аударған
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсеткен кәсіпкерлер жайлы айтты, деп хабарлайды Аzattyq rýhy.
«Көп журналист су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға кәсіпкерлер қандай көмек көрсеткенін нақты сұраған болатын. Кестеде өңірлер бойынша қандай кәсіпкерлер көмек үшін қанша қаражат бөлгені көрсетілген. Су тасқынынан ең көп зардап шеккендерге баспана алу, оны жөндеуге көмек көрсету тетіктері қарастырылады. Ақмола, Қостанай, БҚО Ақтөбе облысы және Атырау облысы су тасқынынан көп зардап шеккен тізімде бар», - дейді ол.
Бозымбаев атағандай, кәсіпкерлердің біраз бөлігі «Демеу» қоры мен «Қазақстан халқына» қоры арқылы қаражат аударған.
«Біз мұндай ақпаратты алғаш рет көрсетіп отырмыз. Бұл мәліметтерді жұмысқа қолдана аласыңдар», - деді журналистерге Бозымбаев үкіметте өткен баспасөз конференциясында.