Солтүстік Қазақстанда 13 жасар қыз түсік жасатқан

Azattyq Rýhy

Сол жастағы тағы бір қыз ана болды

Солтүстік Қазақстанда 13 жасар қыз түсік жасатқан
Фото: depositphotos.com

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер 14 түсік жасатқан. Оның ішінде 13 жасар қыздың жүктілігі тоқтатылған. Сол жастағы тағы бір қыз ана болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Петропавлск.news-ке сілтеме жасай отырып.

Аймақта барлығы 15 пен 49 жас аралығындағы 116 мыңнан астам әйел тұрады. 2880 әйел жүктілік бойынша диспансерлік есепте тұр. Олардың 52 пайызы әртүрлі жыныстық патологиялардан зардап шегеді.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Елена Калюжнаяның айтуынша, барлық жүкті әйелдер өңірдің медициналық мекемелерінде есепте тұр.

«Облыстағы жасөспірім қыздарды біз бақылап отырмыз. Төрт пайызы ауыр жыныстық патологиядан зардап шегеді. Барлығы есепте. Ерте жүктіліктің зиянын түсіндіруге көп көңіл бөлеміз. Жастар орталықтарында әңгімелесулер өткіземіз, тіпті контрацепция құралдарын тегін береміз. Өкінішке орай, биыл төрт жасөспірім қыз медициналық түсік жасатқан», - деді Калюжная.

Облыста барлығы 18 отбасын жоспарлау кабинеті жұмыс істейді, яғни әрбір емханада. Кез-келген әйел кеңес алу үшін тегін жүгіне алады, ал кейбіреулеріне тіпті контрацептивтер беріледі. Сондай-ақ облыс аумағында 8-800-080-81-50 анонимді сенім телефоны бар. 5 айда оған 114 адам жүгінді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.