Редакция Шымкент қаласының білім басқармасына ресми сауал жолдаған болатын
Ұлықбек Смановтың бар болғаны 1 айында асырап алған қыз баладан анасы туған кезде бас тартқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 2008 жылы 26 сәуірде туған баланың биологиялық ата-анасы хабар ошарсыз кеткен, 2019 жылы туған баланың әкесі белгісіз, анасы қайтыс болған, 2020 жылы туған баланың да әкесі белгісіз, анасы ата-аналық құқығынан айырылған, 2021 жылы 17 мамырда туған қыз баланың әкесі белгісіз, анасы бас тартқан, 26 мамырда туған егіздің анасы перзентханаға тастап кеткен.
«Оқиғадан кейін балалардың биологиялық ата-анасы немесе туыстары тарапынан іздеп келгені туралы хабарлама түскен жоқ және шымкент қаласының білім басқармасына іздеп келу туралы өтініш келіп түскен жоқ», - деді басқармадан.
Еске салайық, таяуда асырап алған 6 баласын мысықтың етімен қоректендіріп, адам төзгісіз жағдайда ұстаған шымкенттік емші Ұлықбек Смановтың соты өтті. Бірақ оның созылмалы психикалық ауруына байланысты сот қатігез емшіні түрмеге емес, жындыханаға жіберді.
Бұған дейін Ұлықбек Смановтың балаларды қалай және қайдан асырап алғаны туралы егжей-тегжейлі жаздық.
Сондай-ақ асырап алған балаларына қорлық көрсеткен «жындыханадағы» емші Ұлықбек Смановтың 4 жастағы егіздері туралы жаңа мәліметтер белгілі болған еді.