«Еларна» мен Мөлдір Мұқан даңқты батыр Бауыржан Момышұлын ойынға айналдырған (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Бағдарламаға мәжіліс депутаты да қатысып отыр

«Еларна» мен Мөлдір Мұқан даңқты батыр Бауыржан Момышұлын ойынға айналдырған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Отандық «El аrna» телеарнасындағы «Қыздар мен жігіттер» бағдарламасында Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан Бауыржан Момышұлын келемеж етті деген атаққа қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бағдарлама әр жексенбіде эфирге шығады, алайда, кеше телеарна әлеуметтік желідегі ресми парақшасында келесі бағдарламаның тизерін жарияланған. Ойын барысында қыздар мен жігіттер екі топқа бөлініп, сұрақтарға жауап береді. Ойынның бірінде Мөлдір Мұқан Бауыржан Момышұлына қатысты сұрақтарға жауап беріп, оның тұлғасын анықтауы керек болған. Әзілкештің жұбайы кейіпкерді таба алмайды.

Кейін «Ата, кешіріңізші» деп басын иеді. Алайда бұл әрекет оқырманның шамына тиген.

«Батыр атамыз ойыншық болғаны ма? Тұрсынбек елге айтқанша, әйелінің өкпесін бір басып қойса болар еді. Басқа ойнайтын адам қалмағандай, «ата, кешіріңізші» дегені дұрыс бопты. Дүниеден өткен, әрі қазақ үшін қадірлі азаматты ойынға айналдырдыңыздар. Бауыржан атамыз ойыншық болды ма? Ол жерге Тұрсынбекті қоюы керек еді. Бауыржан атамыз мазақ болуы үшін соғысқа аттанған ба?», - деп жазған пікір қалдырушылар.

Айта кетейік, командалардың бірінде мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та қатысып отыр. Біз телеарна басшылығы, батырдың келіні Зейнеп Ахметова мен депутаттан бұл мәселеге қатысты комментарий сұраймыз. 

Айта кетейік, Бауыржан Момышұлы – қазақтың атақты әскери қолбасшысы, жазушы, Кеңес Одағының батыры, соғыстағы мықты стратег.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.