Жұмыс берушілер заң аясында жауапкершілікке тартылатын болады
Мұнайлы ауданында тиісті құжаттарсыз, заңсыз құрылыс саласында еңбек етіп жүрген 21 Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy mangystaumedia.kz.
Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Мұнайлы ауданы ПБ-нің учаскелік полиция инспекторларының қызметкерлері құрылыс объектілерін тексеріп, рейдтік іс-шара жүргізген.
Аудандық полиция басқармасының хабарлауынша, елімізде заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 21 азаматы анықталды.
«Шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабы 5-бөлігімен, ал жұмыс берушілер осы кодекстің 519-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылатын болады», - деп жазылған хабарламада.