$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2024, 00:30
Қоғам

Павлодар облысында 70 адамды кене шағып, тұрғындар ауруханаға жүгінді

Өңірде кене энцефалиті мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыш ошақтары жоқ

Павлодар облысында 70 адамды кене шағып, тұрғындар ауруханаға жүгінді
Фото: istockphoto.com

Дәрігерлер үш науқасқа кене риккетсиозын диагностикалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар-онлайн-ға сілетем жасап.

Кенелердің тасымалдайтын инфекциялары туралы Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Алиев айтып берді. Оның айтуынша, кенелердің белсенділігі мамыр айының соңына тура келеді.

«Ұлттық сараптама орталығы филиалының зоологиялық тобының деректеріне сәйкес, өңірде кенелерге бақылау жүргізіліп, алғашқы кенелер 12 сәуірде пайда болған. Павлодар облысында кене энцефалиті мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыш ошақтары жоқ. Дегенмен, бұл аурулардың әкеліну қаупі әрқашан бар», – деді ДСЭК басшысы.

Кенелер Ертіс өңірінің барлық қалалары мен аудандарында кездеседі. Ең жиі кездесетін аймақ – Ертіс жайылмасында.

«Бізде мекендейтін кенелер кене риккетсиозын тудырады. 2023 жылдың эпидемиологиялық маусымында облыста кене риккетсиозының тоғыз жағдайы тіркелді. Олардың барлығы сауығып кетті. 2024 жылдың басынан бастап кенелер шағуынан 70 адам медициналық көмекке жүгінді, үш жағдайда кене риккетсиозы диагнозы қойылды, науқастар Павлодар облыстық инфекциялық ауруханасында ем алды, – деп атап өтті Батырбек Алиев.

Алдын алу жұмыстары аясында ұлттық сараптама орталығының зоологиялық тобы облыстың қала мен ауылдарына шығып, зертханалық зерттеу үшін кенелерді жинайды. Өткен жылы мамандар 15 мыңнан астам кене жинады. Зертханалық бақылау кезінде инфекциялық аурулардың қоздырғыштары табылған жоқ. Биыл зертханада 9 мың кене зерттелді, олардың барлығы қауіпсіз болып шықты.

Серіктес жаңалықтары