Бас прокуратура сотталғандарға тегін медицина ұсыну мәселесін талқылады

Автор: Azattyq Rýhy

Жиынға қатысқандар медициналық көмектің қолжетімді әрі сапалы болуына назар аударған

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің төрағалығымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде (изоляторлар мен түрмелер) ұсталатын адамдардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, жиынға денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері және Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының мүшелері қатысқан.

«Әсет Шындалиев барлық азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға конституциялық құқықтарын сақтаудың маңызды екенін атап өтті. Отырыста сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар пысықталып, Бас прокуратураның алаңында әзірленген, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері, ҚАЖ-дің инфрақұрылым мен жабдықтарды, кадрлық әлеуетті және ақпараттандыруды дамыту мәселелері көзделген іс-шаралар жоспары таныстырылды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.