Арман Шораев екені рас па: Астанада ер адамның әйелді шашынан сүйреп, соққыға жыққан видеосы тарады

Автор: Аубакирова Нургуль

Жәбір көрген әйел Шораевпен бірге тұратын болып шықты

Фото: әлеуметтік желі

Астанада ер адамның әйелді көшеде шашынан сүйреп, ұрып жатқан видеосы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Kozachkov offside телеграм-арнасы видеодағы агрессор танымал қоғам қайраткері Арман Шораев екенін жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға жақында Астанада болған.

Кадрдан байқағанымыздай, ер адам көшеде көлікке мініп кетпек болған әйелді сабай бастайды. Ол жәбірленушіні шашынан сүйреп, жерге лақтырады, ұрып-соғады.

«Оқиға орнына келген полицейлер жанжалға қатысқандардың кім екенін анықтады. Видеодағы ер адам белгілі қоғам қайраткері Арман Шораев болып шықты», - деп жазды Kozachkov offside.

Таяқ жеген әйел Шораевпен бірге тұрады. Ол Шораевтың үстінен арызданудан бас тартқан, ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан.

Azattyq Rýhy Астана қаласы полиция департаментінен түсініктеме беруді сұрады.